[Almaty.ws - Первая Блог Платформа Алматы ]
Главная » Файлы » Рефераты на казахском Алматы

В категории материалов: 40
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл — әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.

Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі.
“Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
“Менікі” өлсе өлсін, оған бекі, – дейді ақын.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 823 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 11.10.2011 | Комментарии (0)

Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы - әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау шоқтығын, қастерлі биігін ғұлама Шәкәрім былайша өрнектейді:
Нысап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп жан сақта.
Ол жолда өлсек, неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.
(«Анадан алғаш туғанымда», 1929).
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 909 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 11.10.2011 | Комментарии (0)

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады.
Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 852 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

Зкирова Бағылан
10 «б»-сынып оқушысы
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ гимназия-интернаты
Павлодар қаласы

Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 752 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.
(1845-1904)

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 1817 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

Абайдың романы

Онегин мен Әбдірахман бейнелерінің ұқсастықтары, екеуінің ұқсамайтын тұстарынан әлдеқайда басым. Тек Онегиннің ішінің қалтарысы көптеу.

Эпистолярлық романда Татьянаның Шығыс әулетіне туыстас қасиеті басым. “Досың ақпын, “тағдыр араз”, бәрін “сорлы нәсібімнен” көремін деген сөздерді айта келе, Татьяна сөзінің ақырында “Көрісуге шыдамаспыз, Айрылалық сол үшін” (Абай. 2 том. 49 б.) деген ең соңғы шешімін Ләйлі-Мәжнүн махаббатын еске түсіретін жәйтқа сүйейді. Екі асық Ләйлі мен Мәжнүнге жарық дүниеде қауышып, құшақтасып бір сүйісуге жазбаған ғой. Екеуінің өне бойлары өртеніп, ерінге ерін тигізе алмайды. Татьянаның көрісуге шыдамаспыз дейтіні сол хикаямен ағайындас. “Ләйлі-Мәжнүн” дастанымен таныс қазақ Татьянаның ғашықтығы Ләйліден кем соқпайтынын түйсініп, тебіренері сөзсіз. Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық дертін тартуы Алланың бұйрығы болғанда, Татьяна “тағдыр араздығына” шағынады.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 814 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың творчествасында үлкен орын алған тақырып.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 831 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі.

Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 1197 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 1014 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (0)

Ян Амос Коменскийдің педагогикалық
қызметі мен теориясы. (1592-1670жж).

1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.
4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
Рефераты на казахском Алматы | Просмотров: 2454 | Загрузок: 0 | Добавил: crealog | Дата: 10.10.2011 | Комментарии (2)

1-10 11-20 21-30 31-40