02:49 «Алда әлі талай-талай сындар бар...» | |
Еліміздің барлық мектептерінде бүгін үлкен мереке-соңғы қоңырау өтті. Шашына ақ бантик тағылған қыздарымыз бен батыр сынды ұлдарымыздың езуінде күлкі ойнап, бұл мерекені олар асыға күтіп, бірін-бірі құттықтаумен болды. Тағы бір қиндық пен қызыққа толы оқу жылы артты қалды. Ал 2012 жалдың Жас Түлектері жүректері жәудіреп, көз жастары мөлдіреп, алдағы үлкен өмірге ұлағатты ұстаздары мен ата-аналарының ақ батасын алып, қадам басты. Біздің тілші Алматы облыстық №15 мекетп-интернатының «Соңғы қоңырау мерекесіне» барып қайтты. Тұла-бойы қимастық сезімге толы, болашаққа деген артар үміті мол 11сыныпты тәмамдаған төрт түлек бұл мерекенің гүлі болды. Кеше ғана тарыдай болып мектеп қабырғаларына кірген бірінші сынып оқушылары аға-әпкелері болып кеткен түлетерге сыйлық ұсынып, ақ жол тіледі. Қаламдары мен әліппелерін қолына биыл ғана алған оқушыларымыздың сынып жетекшісі Рашаева Сара былай дейді: «Бұл мереке жыл сайын өткенімен, әр жылда ерекше өтеді. Міне, кеше ғана жетекшілікке алған сыныбым еді, оқу жылы зулап өтіп, екінші сынып та бола қалдық. Балалардың барлығы, ата-аналары да қуанышты. Бұл олардың бірінші соңғы қоңырау мерекесі ғой. Ал мектепті бітіріп отырған түлектердің нағыз соңғы қоңырауы.» Картабаева Айжан 11 сынып жетекшісі өз түлектеріне үлкен үміт артады: «Өздері аз болса да, мектепті жерге қаратпаған сынып. Талпыныстары, ұмтылыстары мол. Енді бірыңғай ұлттық тестті жақсы тапсырып, еліміздің алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындарына түсіп, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болатынына сенемін!» Мектептің музыка пәні ағайының жетекшілігіндегі жас бүлдіршіндер қазақи салт-дәстүрді дәріптеп, жиналған алаңды қаситетті қобыздың үнімен қуантты. Мектеп оқушылары ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды. Мектеп табалдырығын бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер де сағыныш сезімін білдіріп, өздерімен ән-шашуларын ала келді. Бір жыл бойы ерінбей еңбек еткен ұстаздар мен білім атты теңізді шарлап жүрген оқушылардың үздіктері мақтау қағаздарымен, ал ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Мектеп директоры Батырбаев Қанай Күмісбекұлы барша жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, аталған мақтау қағаздар мен алғыс хаттарды өзі ұсынды. Өз атынан, ұстаздардың атынан түлектерге сәт-сапар тіледі. 11-сынып оқушысы Бақытова Айгерім мен 9 сынып оқушысы, қызыл аттестаттқа үміткер Жатқанбай Аймекен сөз алып, ұстаздарға, мектеп оқушылары мен ата-аналарға шексіз алғыс айтып, қимастық сезімін білдірді. Бақытова Айгерім «Білім кілтін» келер жылдың түлектері, биылғы 10 сынып оқушыларына салтанатты түрде тапсырды. Бұдан кейін дәстүрге айналған түлектер валсі орындалып, барша мектеп оларды жаңа белестерді бағындыру үшін, үлкен жолға шығарып салды. Осындай мереке елдің түкпір-түкпірінде өтті. Ал бұл мектепте өткен мерекелік шараның көшін бастап, әнін айтқызып, биін билетіп, оқушыларды өнерге баулыған мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Шағиева Клара: «Әр оқушың өзіңнің балаң секілді. Олардың ер жетіп, елдің азаматы мен азаматшалары болғанына сүйсіне қарайсың, бірақ қимайсың. Шын ниетпен оларға тек жолдары ашық болып, олардың адал жолға түсуін қалайсың. Мүмкін олардың бүгінгі аспанға ұшырған шарлары түлектерімнің армандарын көкке көтерер!» | |
|
Всего комментариев: 2 | |
| |